Сейсенбіде Кения астанасы Найроби қаласында орналасқан Dusit қонақүйіне шабуыл жасап, жарылыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz порталы жергілікті Citizen телеарнасына сілтеме жасап. Оқиға салдарынан 15 адам қаза тапты, 30-дан аса адам жарақат алды. Қонақ үйден 174 адам эвакуацияланды.
Жарылыстан кейін лаңкестер құқық қорғау органдарымен қақтығыстар ұйымдастырған. Шабуылды радикалды исламшыл «Аш-Шабаб» тобы өз мойнына алды.
Осыған дейін ғимаратта әлі де адамдар бары және эвакуация әлі жүргізіліп жатқаны хабарланды. Қаза тапқан адамдардың кім екендер құжаттары арқылы белгілі болды. Ұлыбритания және АҚШ-тың екі азаматы, сондай-ақ 11 кениялық азамат қайтыс болған. Екі адамның құжаты болмаған.
Жергілікті Star газеті полициядағы дереккөзге сілтеме жасап Кения қауіпсіздік күштері барлық алты лаңкестің көзін жойғанын хабарлады. Бесеуін арнайы жасақ өкілдері атыс кезінде өлтірген, ал біреуі өзін-өзі жарып жіберген.