Украинада 24 ақпаннан бері 227 бейбіт тұрғын қаза тауып, 525 адам жарақат алған. Қайтыс болғандардың 15-і – балалар. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеп отыр. Ал Ресей Федерациясы арнайы операция кезінде 498 әскери қызметкерінің мерт болғанын хабарлады. Бұл ретте Украина тарапы қарсыластарының одан да көп шығынға ұшырағанын алға тартуда. Бұған дейін екі ел келіссөзді жалғастырамыз деп уағдаласқан еді. Алайда жиын уақыты кейінге шегерілген сыңайлы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал Украина тарапы қарсыластарының одан да көп шығынға ұшырағанын алға тартуда. Бұған дейін екі ел келіссөзді жалғастырамыз деп уағдаласқан еді. Алайда жиын уақыты кейінге шегерілген сыңайлы.
Украинада әскери операция сегізінші күн жалғасып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы онда қаза болған бейбіт халықтың саны күн санап өсіп жатқанын хабарлаған еді. Ал Ресей мерт болған әскерлерінің саны 500-ге жуықтағанын мәлімдеді. Бұған дейін губернаторлар қайтыс болғандардың нақты санын атамаған еді. Ал Украина тарапы қарсыластарының одан да көп шығынға батқанын айтады. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Ресейге қарсы жаңа қарар шығарып, оны 141 мемлекет қолдаса, 5 ел қарсы шығыпты.
«Бас Ассамблеяның үндеуі нақты және айқын. Украинадағы әскери әрекеттерді дереу доғару қажет. Диалог пен дипломатияға мүмкіндік беру керек. Украинаның тұтастығы мен егемендігі БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес құрметтелуі керек. Бізге бір минутты да жоғалтуға болмайды. Бұл қақтығыстың ауыр зардаптары белгілі. Сондықтан алдағы уақытта Украинадағы жағдай ушыға түсуі мүмкін», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Бұған дейін Украина мен Ресей арасындағы келіссөз жүргізілуі керек еді. Бүгін Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский екінші раунд жақын арада басталатынын хабарлады. Бұл ретте Пентагон басшысы Әлемді алаңдатқан жайт тек бейбіт түрде шешілуі керек деген пікірде. Жағдайды ядролық қару қолдануға дейін жеткізбеген дұрыс дейді.
«Менің ойымша, біз ядролық қару қолдануды қалайда болдырмауымыз керек. Оның арты қиын жағдайға алып келетінін ұмытпайық. Біз мұны көргіміз келмейді. АҚШ президенті америкалық әскер Украинада Ресеймен соғыспайтынын айтты», - деді Пентагон басшысы Ллойд Остин.
Біріккен Ұлттар ұйымының мәлімдеуінше, соңғы 6 күнде Украинадан 835 мың адам кетіпті. Қазір босқындар үшін негізгі бағыт Польша болып тұр.
Аяулым Көлжігіт, «Алматы» телеарнасы