241 жолаушысы бар ұшақтың қозғалтқышы әуеде өртенді

foxbusiness.com
foxbusiness.com
Ақауға байланысты ұшақ ұшып шыққан әуежайға сәтті оралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұшу кезінде қозғалтқышы өртенген Boeing 777 әуелайнерінің бөлшектері мен жабындылары АҚШ-тың Колорадо штатындағы тұрғын үйдің аумағына құлаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Бортында 241 жолаушысы бар ұшақ Денверден Гонолулуға бара жатқан. Ақауға байланысты ұшақ ұшып шыққан әуежайға сәтті оралды. Оның біршама бөлігі Коммонс саябағына, сондай-ақ Денвер орталығынан 20 миль солтүстікке қарай Брумфилдегі Ред Лифке және Нортмур аймағына құлаған. Ұшақ жолаушылары әуедегі өртті видеоға түсіріп алған.

Колорадо тұрғыны Клэр Армстронгтың айтуынша, саябақта серуендеп жүргенінде әуеден құлап жатқан әуелайнердің бөлшектерін көрген. Ол дереу қауіпсіз жерді тауып, сонда тығылған.

Борт жолаушылары не бөлшектердің құлауынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес осы оқиғаға байланысты тергеуді бастады. Билік жергілікті тұрғындарды қоқыс табылған кезде оларға қол тигізбеуге және табылған заттар туралы дереу хабарлауды сұраған.

Новости партнеров