AҚШ-та ойлап табылған короновирусқа қарсы екпені еріктілер салғызып жатыр деп хабарлады Almaty.tv.
Зерттеу жұмыстары Сиэтл қаласындағы Кайсер Пермонет орталығында жүзеге асырылған. Қазіргі кезде вакцина америкалық еріктіге салынып, сынамалық талдамалы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрамында коронавирусқа қарсы қауіпсіз генетикалық коды бар тәжірибе сәтті өткен жағдайда, екпе бәріне қолжетімді болу жағы да қарастырылады.
Қауіпті індетке қарсы пайда болған вакцинаны кеше 4 ерікті екпені салдыруға келісім берген. Бүгінде оның саны 45 ке жетіп, соның бірі - Реббика Сирилл. Жасөспірім иммунитетін коронавирусқа төтеп беруге арналған вакцинаны салдыру үшін көп ойланбай, бәрі өзіміздің саулығымыз үшін деп шешім қабылдапты.
«Дәл қазір өзімді жақсы сезінемін. Ғалымдар ойлап тауып жатқан вакцина тәжірбиесі сәтті шығады деген үміттемін. Сәтті шыққан жағдайда, бәрі қолданып әлемге келген қауіпті бірге жеңер едік», – деді ерікті Реббика СИРИЛЛ.
Еріктілердің әрқайсысы әртүрлі дозада екпе қабылдаған. Енді бұдан былай оларға 28 күн сайын екі вакцинадан салынып отырады. Вакцина құрамында коронавирусқа қарсы қауіпсіз генетикалық код бар. Оның қауіпті індетке толық қарсы тұрады деп айту ерте. Дейтұрғанмен, ғалымдардың пікірінше екпе алған адам қауіпті індетті жұқтырмайды. Оның әсерін толықтай анықтау үшін әлі бірнеше ай керетігін айта кеткен болатын.
«Вакцина құрамында адам ағзасындағы гигиеналық клеткалардағы вирусты жоятын сұйықтық бар. Осы сұйықтық арқылы адам иммунитеті қауіпті кеселге қарсы тұра алады деген ойдамыз. Біз бұл дәріні бірден адамға салған жоқпыз. Алғашқыда жануарлардан бастадық. Әсері жаман болмады. Содан кейін еріктілер өздері аламыз деген ой айтты. Алда екпе алушылардың саны көбеюі мүмкін», – деді клиникалық орталықтың директоры Лиза ДЖЕКСОН.
Бүгінде қауіпті індет АҚШ-та өршіп тұр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 150 адам осы елде көз жұмған. 10 мыңға жуық адамның сынамасында вирустың бар екені анықталған. Кесел АҚШ конгерсін де айналып өтпеді. Коронависрусты жұқтырған депутат 13 наурыздан бері өз еркімен Вашингтон қаласында карантинде жатқан. Осыған дейін коронавирус індетін жұқтырғандармен байланыста болған 14 депутат карантинге жатқызылған болатын. Ал, Түркияда инфекция жұқтырғандар 191 адамға жетті. Бүгін осы аурудан қаза тапқан 2-ші адам тіркелді. Қауіпсіздіктің алдын-алу шараларына кеш қамданған Италияда 1 тәулікте коронавирустан 475 адам қаза болды. Бұл соңғы тәуліктердегі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.Ал, Ресейде қауіпті кеселден алғашқы адам көз жұмды. Мәскеудегі ауруханада ем алған науқас 79 жылғы әйел адам. Ал, Қытайдың Ухань провинциясында алғаш рет соңғы тәулікте жаңа дерек тіркелген жоқ. Әлем бойынша, аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 218 мың 631 жетсе, 8810 адам көз жұмған және 84 мың 113 науқас жазылып шықты.