Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы өзіне қол салмақ болды (видео)

21.11.2019 20:26

Құқық қоғау органы қызметкерлері Соколовтың енді қайталамайтынын жеткізді

Әлеуметтік желілерде студент қызды өлтіріп денесін бөлшектеп тастаған Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің оқытушысы Олег Соколовтың өзіне қол салайын дегені видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бейнежазбада Соколов бірнеше тәртіп сақшыларымен бірге болған бөлме көрінеді. Артынша ұстаз шетке қарай жылдам жүгіргені, бірақ оны полицейлер тоқтатып үлгергені байқалады.


Құқық қоғау органы қызметкерлері Соколовтың енді қайталамайтынын жеткізді.


Бұған дейін Соколовтың айғақтардың көзін құртып жатқаны видеоға түсіп қалғаны айтылған еді.

Теги: профессор