Тәртіп сақшылары бір-бірімен атысып, он адам көз жұмды
Қанды оқиға жексенбі күні Параисо-де-Тепила елді-мекеніне барар жолда орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мексиканың оңтүстігіндегі Герреро штатында жергілікті күштік құрылымдар арасында қарулы қақтығыс болып, он адам қаза тапты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Қанды оқиға жексенбі күні Параисо-де-Тепила елді-мекеніне барар жолда орын алған. Жергілікті полициямыз деп атайтын екі тарап арасында аталған ауданның қауіпсіздігін кім қамтамасыз ететіні жайында дау туындап, арты қарулы қақтығысқа ұласқан.
Билік өкілі Альварес Эредианың айтуынша, құқыққорғаушылар оқиға болған жерге келгенде көлік ішінде денесіне көптеген оқ тиген он адамның өлі денесін тапқан.
Штаттың прокуратурасы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, кінәлілер іздестірілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36