Судандағы қақтығыс: 180-нен астам адам қаза тапты

kostanews.ru
kostanews.ru
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Судандағы азаматтық қақтығыс салдарынан үш күн ішінде кем дегенде 185 адам қаза тауып, тағы 1800 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Судандағы өтпелі кезеңде жәрдем көрсету миссиясының басшысы әзірге тараптардың ешқайсысы келіссөз жүргізуге ниет білдірген жоқ деп мәлімдеді.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, интеграциялық миссия басшысы Уокер Пертес жағдайдың әлі де тұрақсыз екенін айтқан .

«Жағдай өте тұрақсыз, сондықтан қазір қандай да бір нәрсеге үміт ету өте қиын», – деді Пертес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жабық брифингіне қатысқаннан кейін.

Оның айтуынша, әзірге тараптардың ешқайсысы келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Судан армиясы мен жедел әрекет ету күштері (ҚББ) арасындағы қарулы қақтығыстарда 100-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Новости партнеров