Ыстықкөлге барып коронавирус жұқтырғандар 2 мыңнан асты
Фото: ашық дереккөзден
Салдарынан ауруханаларда орын жетіспей жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қырғызстандағы ірі демалыс орнына келушілер арасында коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Ыстықкөлге кіреберісте адамдардың дене қызуы өлшеніп, тиісті шаралар жүргізілген. Десе де, кейін олардың коронавирусты демалыс орнында жұқтырғаны анықталды. Салдарынан ауруханаларда орын жетіспей жатыр.
Сондай-ақ, кейінгі күндері әлеуметтік желілерде қырғызстандықтардың "Дәрігерлерден айырылып жатырмыз" деген аудиожазбасы тарады. Чолпон-Ата ауруханасында түсірілген жазбада дәрігер тапшылығы туралы айтылған.
Осыған дейін бас дәрігер мен отбасындағы 4 адам және реаниматолог вирустан қайтыс болды. Көбісі зейнеттегі кісілер. Қазір екінші бас дәрігер ауыр халде жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34