"6 сағат бойы іздеген": дәрігерлер әжейді томографта ұмытып қалдырып кеткен

20.10.2019 20:39

Науқасты медициналық мекемеде алты сағат бойы іздеп, ақыр соңында томограф тұрған құлыпталған бөлмеден тапқан

pixabay.com

Болгария ауруханаларының бірінің дәрігерлері тексеру кезінде жетпіс жастағы науқас Асенка Христованы жоғалтып алып, оны алты сағат бойы іздеді, деп хабарлады Sputnik Nova телеарнасына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің қызының айтуынша, анасы ауруханаға барып, жоғалып кеткен. Әйел мазасызданып, полицияға барған.

Науқасты медициналық мекемеде алты сағат бойы іздеп, ақыр соңында томограф тұрған құлыпталған бөлмеден тапқан. Христова есіктерді аяқкиіммен ұрып, айғайлаған дауысты естіп қалыпты.

Рентгенологтың көмекшісі Камелия Крастева әйелді томографқа жатқызып, оны түсіріп алып, кабинеттің есігін жауып, кетіп қалғаны белгілі болды. Қазір ол еңбек демалысында. Крастеваға айыппұл салынып, сөгіс жариялануы мүмкін.

Аурухана басшылығы томографта ұзақ уақыт жату Христованың денсаулығына әсер етпеді деп сендірді, өйткені құрылғы сөндірулі болған. Дегенмен туыстары сонда да сотқа берейін деп отыр.