Австрияда көп қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

29.01.2021 20:48

Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсету қызметінің екі тікұшағы жұмыс істеп жатыр

ҚазАқпарат

Австриядағы Лангенцерсдорфта тұрғын үйде жарылыс болып, салдарынан үйдің бірнеше қабаты опырылып түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше оқиға 29 қаңтар күні таңертең орын алған. Жарылыс салдарынан ғимараттың үшінші және төртінші қабаттары қираған. Қазіргі кезде ғимараттың ішінде қанша адам болғаны белгісіз. Құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. 

Үйінділер астынан бір адамды құтқару мүмкін болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсету қызметінің екі тікұшағы жұмыс істеп жатыр.