Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросы коронавирус індетінің екінші толқыны болатынын ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бюро басшысы Ханс Клюгенің сөзінше, қазір Еуропаның Франция, Ұлыбритания және Италия сияқты бірқатар елінде эпидемия басылған. Бірақ ол шектеулерді алып тастауға асықпау керектігін және қазір елдерде келесі толқынға дайындалуға уақыт барын айтты.
Сондай-ақ, Клюге мырза күзде коронавирус тұмау, қызылша сияқты жұқпалы аурулардың қозатын уақытмен тұспа-тұс келетіндігін және жағдай бұдан да күрделі бола түсуі мүмкін екендігіне алаңдаулы. Сондықтан елдердің қоғамдық денсаулық жүйесі, ауруханалардың қауқары адамдарды қабылдауға жетуі тиіс деді.