|
13.11.2023 | 21:40
1476

Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала ажал құшады – ДДСҰ басшысы

Тедрос Гебрейесустың айтуынша, ауруханалардағы медициналық құрылғылар істен шыққан

Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала ажал құшады – ДДСҰ басшысы Reuters

Газада әр 10 минут сайын бір бала қаза болып жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тедрос Гебрейесустың айтуынша, ауруханалардағы медициналық құрылғылар істен шыққан. Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету мүмкін емес. Қазір аймақтағы 45 аурухананың 30-ы қызмет көрсете алмайды.

Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі де басылар емес. 40 күн ішінде Газа секторында 10 мың 800 адам қаза тапқан. Оның 70 пайызы әйелдер мен балалар. Қазаннан бері аймақтағы ауруханаларға 137 рет шабуыл жасалған.

Айта кетейік, әлемде Палестинаны қолдау мақсатында түрлі акция ұйымдастырылып жатыр. Лондонда өткен шеруге 300 мыңнан астам адам қатысқан. Олар қақтығысты бейбіт жолмен шешуге үндеп, Палестина халқына қолдау білдірді.

Ал Францияда су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Елдің солтүстігіндегі 100-ге жуық елдімекеннің халқы эвакуацияланды. Айта кетейік, бірнеше күн бойы толассыз жауған жауынның соңы тасқынға ұласқан еді. Синоптиктер елде алдағы күндері тағы нөсер болып, су тасқыны күшеюі мүмкін деп болжап отыр. Табиғат апатының салдарынан қазір аймақтағы мектептер жұмысын тоқтатып, елдімекен тұрғындары жарықсыз қалған.

Ал Испания жұрты сепаратистерге рақымшылық жасауға қарсылық білдіріп, шеруге шықты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ел аумағында наразылық акциясына  2 миллионға жуық халық қатысқан. Егер заң қабылданып, рақымшылық жарияланса 4 мыңға жуық адам бостандыққа шығуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир