|
09.07.2019 | 17:26
3733

Еліміздің бас санитары Бразилия мен Мадагаскарға барудың қауіптілігін ескертті

Жылда тек көктемде ғана болатын кенелер биыл жаз бойы жоғалмайды екен

Еліміздің бас санитары Бразилия мен Мадагаскарға барудың қауіптілігін ескертті yandex.com.tr

Кене тек көктемде ғана емес, жаз бойы қауіп тудырады. Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин табиғат аясында демалатын қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Бекшиннің айтуынша, жыл сайын көктемде ғана болатын кенелер биыл жаз бойы жоғалмайды екен. Оған жаңбырдың жиі жаууы себеп көрінеді. Сондай-ақ бас санитар отандастарымызға Мадагаскар мен Бразилияға барудан  бас тартуды сұрады. Өйткені аталған екі елде инфекция қатты өршіп тұрса керек.


«Баруға кеңес бермейтін елдер бар. Біріншіден, Мадагаскар. Ол жерде жыл сайын мыңдаған адам өкпе обасын жұқтырады. Сондай-ақ Бразилия да қауіпті ел: онда Денге безгегі, Эбола мен сары безгегі кең тараған. Бұл екі мемлекетке бару өте қауіпті», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир