Махаббат жоқ деме жаным: қарақулар жұбы сезімге адал ма

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Мельбурн университетінің мамандары ұзақ жылдар бойы құстарды бақылаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аустралиялық ғалымдар аққулардың махаббатқа адалдығы туралы аңызды жоққа шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі tass.ru-ға сілтеме жасап.

Жұптары жарасқан құстардың бірнеше айдан кейін кем дегенде 10 пайызы екі жаққа қош айтысып кететін көрінеді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, арнайы зерттеу жүргізген Мельбурн университетінің биологтары 18 жыл бойы қалалық саябақта қара аққуларды (қарақу, тек Аустралияда кездесетін аққу түрі) бақылаған.

- Біз ұзақ жылдар бойы жұп құрған аққуларды бақыладық. 18 жыл ішінде жұптары жазылмаған бір жұпты ғана көрдік, - деді Мельбурн университетінің биологиялық ғылымдар мектебінің қызметкері Рауль Малдер.

Биологтер аққуларды сонау 2006 жылы Мельбурндағы Альберт саябағында зерттей бастаған. Зерттеу барысында олар 2 мың құстың өмірін бақылаған. Бақылаудың алғашқы кезеңдерінде ғалымдар шынымен де аққулардың махаббатқа адал екеніне көз жеткізе бастаған. Бірақ, барлығы бірдей емес. Десе де, статистиканы түзгенде аққулардың өмір сүру ұзақтығын есепке алған жөн. Аққулардың шамамен 10 пайызының ғұмыры қысқа болады екен. Сәйкесінше, ажырасу туралы әңгіме қозғаудың өзі артық.

Сондай-ақ, ғалымдар махаббаты берік жұптар кейде үзіліс жасап, бірнеше ай бір-бірінен алшақтап, кейін қайтадан қосылатынын анықтаған. Бұл – ұзақ жыл бірге болу үшін жасалған қадам болуы мүмкін. Құстарға орнатылған трекерлердің деректеріне сүйенсек, жұптардың 40 пайызы дерлік екі-үш айға дейін үзіліс алып, бөлек уақыт өткізеді екен.

- Үзіліс алғандардың жартысы мәңгілікке ажырасып кетті. Бірақ қалғандары қайта жұп жарастырды, бұрынғыдай бір-біріне адал болды, - деді университет аспиранты Винсент Ноулз.

Қара аққу – қазтәрізділер тобына әрі аққулар тұқымдасына жататын құс. Алғаш рет 1697 жылы Аустралияның Перт қаласына жақын жерде табылған. 

Қара аққу Аустралия материгінде кездесетін аққудың жалғыз түрі. 19 ғасырдың ортасында бұл құс Жаңа Зеландияға әкелініп, көбейе бастаған. Бүгінде кейде Еуропа мен Солтүстік Американың қалалық саябақтары мен қорықтарында арнайы ұсталады. Аққулардың басқа түрлерінен айырмашылығы - қоныс аударуға бейілді емес.

Оқи отырыңыз: Дәріханаға барып көмек сұраған ит жұртты таңғалдырды

Новости партнеров