Құтқарушылар үйінділер астынан 85 адамды алып шықты
20 мамырда, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданға кіретін Байсэ қалалық округында кафе ғимаратының шатыры келушілердің үстіне құлады, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Құтқарушылар үйінділер астынан 85 адамды алып шықты. Зардап шеккендердің екеуі ауруханада қайтыс болды.
Тағы бір адамның жағдайы тым ауыр халде жатыр, жеті адам ауыр жарақат алған. Жеңіл жарақат алған 62 адам дәрігерлердің бақылауында.
Кафе ғимараттың үшінші қабатында орналасқан. Құтқарушылар үйінділерді әлі де тазалап жатыр. Онда қанша адам болғаны әзірге белгісіз.