Қолайсыз ауа райы: Түркияның 60-тан астам қаласында ескерту жарияланды

20.11.2023 20:53

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Мысыр мен Газа секторы шекарасына барды

Фото видеодан алынды

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Мысыр мен Газа секторы шекарасына барды. Қақтығыс жүріп жатқан аймаққа гуманитарлық көмек осы бекет арқылы жеткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еурокомиссия президенті Мысыр елінің үкіметіне «Рафах» бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуіне рұқсат бергені үшін алғыс айтып, елді логистика жағынан қолдауға әзір екенін айтты.

Айта кетейік, Урсула фон дер Ляйен Иордания королімен жүздеспек, басты мақсат – Палестина халқына көмек қолын созу.

Түркияда дауыл тұрып, салдарынан жүк кемесі екіге қақ айырылды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, апат кезінде толқынның биіктігі шамамен 5 метрге дейін жеткен. Бортта 13 адамнан тұратын экипаж болған. Жапа шеккендер жоқ, азаматтар дереу эвакуацияланған.

Айта кетейік, ауа райына байланысты Түркияның 60-тан астам қаласында ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елдің біраз аймағында қатты жел соғып, нөсер жауын жауады.

Болгарияда да табиғат тосын мінезін көрсетіп, салдарынан екі адам қаза тапты. Елдің көп аймағында дауыл тұрып, нөсер жаңбыр мен қар жауған. Қатты соққан желдің салдарынан электр сымдары үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды. Ал Варна муниципалитетінде ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Ал Зимбабве астанасы Харареде тырысақ ауруы өршіп барады. Салдарынан 50 адам көз жұмған. Ахуалға байланысты елде төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір ел аумағында ауру жұқтырған 7 мыңға жуық адам бар, 100-ден астамы ауруханада жатыр. Мамандардың айтуынша, дерттің таралауына елдегі ауыз су мәселесі түрткі болған. Себебі тұрғындар ішуге жарамсыз суды пайдалануға мәжбүр.