Ыстықкөлде гидроцикл адамдарды қағып өлтірді

25.07.2023 20:56

Тағы бір адам зардап шект

elements.envato.com

Шолпан-Ата қаласында Ыстықкөл жағажайында гидроцикл (су скутері) екі адамды қағып, мерт қылды. Тағы бір адам зардап шекті. Бұл туралы «Кабар» елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 

Дәрігерлердің мәліметінше, оқиға салдарынан бойжеткен мен жігіт жарақат алып, қаза тапқан. «Тағы бір зардап шеккен қыз хирургия бөлімінде жатыр, оның миы шайқалған. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр», - деді Қырғызстан денсаулық министрлігінен.