Биыл пияз бағасы қанша болады

22.10.2023 21:00

Өзбекстанда рекордты пияз өндірілді

Өзбекстанның Жызақ облысында тұратын шаруа бір гектардан 150 тонна пияз алып, осы көкөніс түрінің өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, қазір әлемде 4,5 млн гектар жерде 92,1 млн тонна пияз өсіріледі. Орташа өнімділік – бір гектардан 19,3 тонна. Пияз өсіруден әлемде көш басында тұрғандар – Қытай, Үндістан, АҚШ пен Иран.

Өзбекстанда шаруалар өнімділігі жоғары сорттарды, дән мен көшет өсірудің жетілдірілген технологияларын, сонымен қатар тамшылатып және спринклерлік суару жүйесін пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімін арттырады.

 - Жызақ облысы Заамин ауданы Чорвадор ауылындағы шаруа қожалығының жетекшісі Бахтиёр Мирзаев биыл тік құдық қазып, өз алқабына тамшылатып суару технологиясын енгізді. Нәтижесінде бір гектардан 150 тонна өнім алды, бұл – абсолют рекорд, - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

 - Біз биылғы жетістікпен тоқтап қалмаймыз, келесі жылы ғалымдармен бірлесіп, бір гектардан 160 тонна өнім алуды жоспарлап отырмыз. Алдағы үш жылда гектарынан алынатын өнім мөлшерін 200 тоннаға жеткіземіз деген мақсат қойдық, - деп толықтырды шаруа Бахтиёр Мирзаев.

Оқи отырыңыз: Адам аптасына қанша рет ет жеу керек

Теги: өнім пияз