Мектепке бара жатқан: Қаскүнемдер баланы таксимен алып кетті (видео)

11.04.2019 21:00

Белгісіз біреулер көлікпен баланың жанына тоқтап, оны салонға күштеп мінгізген

Қырғызстанда мектепке бара жатқан баланы ұрлап әкетті. Оқиға 11 сәуір күні сағат 08:40-та Кант қаласында болған.

Sputnik Қырғызстан жариялаған видеодан таксиде отырған белгісіз біреулер баланың жанына тоқтап, оны салонға күштеп мінгізгені көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, Honda Fit көлігінің мемлекеттік нөмірі болмаған. Бала мектепке бара жатқан.

Дерек Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстардың бірыңғай реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шу облысының ішкі істер органдары 2007 жылы туған Данил Браилкиннің қайда екенін білетіндер болса, милицияға хабарласуын сұрайды.