«Челсидің» бұрынғы ойыншысы Кристиан Атсу Түркияда үйінді астынан өлі табылды

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұл туралы футболшының агенті Мурат Узунмехмет Twitter парақшасында жазды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркия «Хатайспор» клубының шабуылшысы, бұрын ағылшындық «Челси» сапында ойнаған Кристиан Атсу Түркияда үйінділер астынан өлі табылды. Бұл туралы футболшының агенті Мурат Узунмехмет Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кристиан Атсу табылды. Өкінішке қарай, ол енді бұл өмірде жоқ», – деп жазды Узунмехмет.

Түрік «Хатайспорының» шабуылшысы қираған ғимараттардың бірінің астынан табылды. Ол 31 жасында қайтыс болды.

Атсу өткен аптада Түркияда жойқын жер сілкінісі басталғаннан бері іздестіріліп жатқан болатын. Бұған дейін «Хатайспор» өкілдері футболшының қайғылы оқиға қарсаңында түрік клубынан кететінін мәлімдеген еді.

Гана құрамасының ойыншысы осы уақытқа дейін ағылшындық «Челси», «Эвертон», «Ньюкасл» және «Борнмут», португалиялық «Порту», испандық «Малага» және басқа да клубтарда ойнаған. Атсу түрік «Хатайспорына» 2022 жылдың қыркүйегінде қосылды.

6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 39,6 мыңнан асты.

Новости партнеров