Пышақ ала жүгірген: студент қыздың денесін бөлшектеп тастаған оқытушы болған оқиғаның мән-жайын айтты

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Мен идеал деп санап жүрген ару бір мезетте ертегілердегі құбыжыққа айналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің тарих пәнінің оқытушысы, доцент Олег Соколов студент Анастасия Ещенконың өліміне қатысты іс бойынша 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz

Қорғаушы жақ Соколовты үйқамақпен шектелуді, құжаттамалар толық жиналғанша сот отырысын 72 сағатқа кейінге шегеруді өтінген болатын. Алайда Санкт-Петербург қаласының Октябрь аудандық соты қорғаушының өтінішін негізсіз деп танып, қамау уақытын 8 қаңтарға дейін деп бекітті.

Соколов сот барысында өзінің қылмысы жайлы қатты қайғыратындығын айтып, қамауға алу туралы шешімді әділетті жаза деп атады. Сөзінше, сүйіктісі екеуінің арасындағы жанжал студент қыздың Соколовтың балаларын қабылдамауынан туындаған. Ұрыс жаға-жыртысқа ұласып, бойжеткен оқытушыға пышақ алып жүгіріпті. 

«Мен идеал деп санап жүрген ару бір мезетте ертегілердегі құбыжыққа айналды. Мұндай ашу-ызаны мен бұрын көрмеген едім», - дейді Соколов. 

Сот отырысында оның берген куәлігінде ол қызды шолақ мылтықпен 4 рет атыпты. Сондай-ақ жауап бергенде тарих пәнінің мұғалімі басын ұстап, күрсініп, тіпті, жылап та жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Соколовтың қылмысы  9 қараша күні ол бөлшектенген қыздың денесін суға ағызып жіберейін деп жатқанда құлап кеткеннен кейін ашылған болатын. Қылмыскер оның үстіне мас болған көрінеді. 

Бұған дейін Анастасия Ещенко өлмей тұрып ағасымен сөйлескені мәлім болды. Одан кейін Соколовтың қыздың денесін суға ағызып жатқаны видеоға түсіп қалған. 

Новости партнеров