Одан соң үйіне қайтып келген ол асылып өлген
Тәжікстанда қыздың туыстары оған ғашық жігітті ұрып-соғып, тірідей көміп тастамақ болды. Артынша жігіт өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ca-news.org басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Турсунзаде қаласының маңындағы елдімекенде 23 жастағы жігіт көрші ауылда тұратын қызға ғашық боп қалған. Артынша қыз жігітті түнгі кездесуге шақырыпты.
Алайда қыздың әкесі мен ағалары ғашықтардың үстінен түскен. Олар жігітті арматурамен ұрып-соғады. Мұнан кейін жерді қазып, шұңқырға жігітті лақтырып, мойнына дейін көміп тастапты.
Ер адамдар одан қызға үйленуін талап етіп, келіспеген жағдайда тірідей көметіндерін айтып қорқытқан.
Өз өмірі үшін қорыққан жігіт үйленуге келісімін береді. Алайда үйіне қайтып келгеннен кейін асылып өлген.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.