Әлемнің үш елі COVID-19 індетінің жаппай таралуын тоқтатты

Фото: Марк Бакер/AP
Фото: Марк Бакер/AP
Бұл туралы әлемдік CNBC телеарнасы хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемнің үш елі Австралия, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Корея COVID-19-тың жаппай таралуын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы әлемдік CNBC телеарнасы хабарлады. Қазір бұл үш мемлекетте індет таралауы толығымен тоқтап, мекемелер мен өндіріс орындарында жұмыс қайта жанданған. Ал, Қытайда 22 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 21-і шетелден келген азаматтар екен. Бірақ елде соңғы 2 аптада дерттен көз жұму дерегі тіркелмеген. Ал, Гаитиде коронавирус салдарынан ашаршылық болуы мүмкін. Бұл туралы, ел Президенті Жовенель Моиз азаматтарға арнаған жолдауында хабарлады. Айта кетейік, 10 млн 6 мың халқы бар Гаити Республикасы – Батыс жартышардағы ең кедей мемлекеттердің бірі. Сондай-ақ, Ресейде карантин режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Соңғы ақпарға сәйкес Ресейде вирус жұқтырғандардың қатары 93 мың 558-ден асты. 867 тұрғын коронавирустың жаңа түрінен көз жұмды. Бүгінде ғалымдар вирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға барын салып, індеттен емдеу әдістері жан-жақты зерттеліп жатыр. Айта кетейік, әлемде вирус жұқтырғандар саны 3,1 миллионнан асса, 200 мыңнан астам адамның өмірін жалмады.

Новости партнеров