|
20.11.2019 | 16:07
3059

Алып кобра әлемде ең үлкен жылан саналатын питонды жұтып қойды (видео)

Дегенмен Филиппин аралдарында ұзындығы 5,7 метрге дейін жететін патшалық кобралар да мекендейді

Филиппин тұрғындары алып питонды жұтып қойған кобраны өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындар жыланды күріш алқабында кезіктіріпті. Оның аузынан толықтай жұтып үлгермеген жемтігінің құйрығы көрінген. Бауырымен жорғалаушының ұзындығы 3,6 метрді құраған. Адамдар жыланды таяқпен ұрып өлтіріп, қарнын жарып көрген. Артынша кобра ұзындығы 3,3 метрге жететін питонды жалмағандығын анықтапты.

"Бұл жерде жыландардың көптігі таңқаларлық жайт емес, десек те питонды жұтып алған кобраны алғаш рет кезіктіріп тұрмыз. Біздің ауылда кобраның шаққанынан өліп кеткен жағдайлар болған, сол себепті біздің көрші жыланды өлтіруге бел буған", - деді куәгерлердің бірі.

Кобраны өлтірген адамдардың айтуынша, бұл жылан филлипиндік кобралар қатарына жатады екен. Алайда олардың ұзынды 1,6 метрден аспаса керек. Дегенмен Филиппин аралдарында ұзындығы 5,7 метрге дейін жететін патшалық кобралар да мекендейді. Жыланның дәл осы түрлері басқа да бауырымен жорғалаушыларды қорек тұтатын көрінеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир