Ғалымдар бес ай бойы COVID-19 індетін тасушысы болған адамды анықтады

regnum.ru
regnum.ru
Латын Америкасының тұрғыны 152 күн бойы COVID-19 инфекциясын тасушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бразилияда бес ай бойы COVID-19 тасушысы болған адам анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Бұл жайт туралы деректерді Рио-де-Жанейро Федералды университетінің молекулярлық вирусология зертханасы ұсынған. 

Латын Америкасының тұрғыны 152 күн бойы COVID-19 инфекциясын тасушы болған. Әйел адамда ауру белгілері байқалмаған. Дегенмен ол вирусты басқаларға да жұқтырған болуы мүмкін.

«Бұл пандемияның таралуында ауру белгілерінің болмауы қандай рөл атқаратынының айғағы»,– деп жазады басылым. 

Есімін жасырған науқас денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Наурызда әйелде жеңіл COVID-19 белгілері пайда болған. Осыдан кейін ол үй карантиніне алынған. Сөйтіп бес айдан кейін ғана жұмысқа қайта оралған. 

Зерттеушілер 3000 адамға молекулалық сынақтар жүргізді, олардың кейбіреулері ешқандай ауру белгілерін сезбесе де, бірнеше күн бойы вирусты тасып жүрген. 

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 72 адам COVID-19 инфекциясы анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 105 944-ке жетіп отыр.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше өткен парламенттің алтыншы сессиясы кезінде Қазақстан халқына арнаған жолдауында пандемия кем дегенде екі жылға созылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Президент ел халқын босаңсып кетпеуге шақырды.

Новости партнеров