Алты жастағы бала арақтан көз жұмды

Бір апта комада жатқан ол есін жимаған күйі 20 шілдеде көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанда 6 жасар балаға арақ ішкізген 31 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Шу облысы Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі.

Трагедия 12 шілдеге қараған түні Шу облысының Жайыл ауданында болған. Анасы құрбысымен және бірге тұратын адамымен спирттік ішімдік ішкен, кейін оларға тағы бір еркек қосылған.  Келіншек сол адаммен жанжалдасып қалады да, еркек ұра бастаған соң, үйден қашып шыққан, деп хабарлайды Sputnik.

Ал, үйіне оралған кезде баласы ұйықтап қалса керек. Оған бір нәрсе болғанын анасы тек таңертең ғана түсінген.

Ауруханада баланың алкогольден қатты уланғаны анықталды. Бір апта комада жатқан ол  есін жимаған күйі 20 шілдеде көз жұмды.

Әйел балаға арақты 31 жастағы қонақ ішкізді деп отыр.

Іс 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 138-бабына («Денсаулыққа ауыр зиян келтіру») ауыстырылды.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сараптама тағайындалды.

Новости партнеров