Өкпе қабынуына қарсы қолданылған препарат өлім көрсеткішін күрт төмендеген
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы шипа табылғанын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус «дексаметазон» деп аталатын препараттың сынама нәтижелерін «ғылыми серпіліс» деп бағалады. Себебі, препарат індеттен өлім-жітім санын үштен бірге азайтады деп болжанып отыр.
Айта кету керек, Оксфорд университеті ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша қабынуға қарсы қолданылған дексаметазонның арқасында коронавирустан өлім көрсеткіші күрт төмендеген. Ұлыбритания басшылары күні кеше бұл дәріні COVID-19-ға қарсы қолдануға рұқсат берген еді.