|
29.07.2019 | 16:16
1078

Бір ауруханада істейтін 20 медбике бірінен соң бірі босанған, тағы 16 әйел жүкті

Балалар ауруханасында аяғы ауыр медбикелердің саны күрт көбейіп кеткен

Бір ауруханада істейтін 20 медбике бірінен соң бірі босанған, тағы 16 әйел жүкті

АҚШ-тың Миссури штатындағы балалар медициналық орталығында демографиялық жарылыс болды. Жансақтау бөлімінде істейтін медбикелер күтпеген жерден беби-бум жасапты, деп жазды Sputnik.  

Биыл бұл мекемеде 20 медбике босанды, тағы 16 медициналық қызметкердің аяғы ауыр көрінеді. Медбикелердің бірі Джулия Лэнгтің айтуынша, жаңа жыл кезінде аяғы ауыр қызметкерлердің көбейіп кеткені белгілі болған.

«Бізде жүкті медбикелер әрқашан табылады, бірақ бұл жолы... біз тым көппіз», - дейді Джулия Лэнг.

Медбикенің айтуынша, қазір бұл жағдай ауруханадағы әзіл-қалжыңға түрткі болып жүр. Тіпті кішкентай науқастардың өзі: «Мұнда жұмыс істеу үшін міндетті түрде жүкті болу керек пе?» – деп сұрайтын көрінеді, деп жазады InsideEdition.

Аурухана басшылығы жүкті қызметкерлерін түгел жинап, суретке түсірген екен. Facebook желісіндегі Children's Mercy парақшасында жарияланған фотоға науқастар жарыса пікір жазып, медбикелердің аман-есен босануын тіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир