|
14.04.2024 | 16:18
3111

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге шақырды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады ҚР Сыртқы істер министрлігі

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады», - деп жазылған мәлімдемеде.

Сонымен бірге, Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдау көрсететін атап өтеді.

Айта кетейік, сенбі күні кешке Иран өз аумағынан Израильге қарай соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандардың үлкен толқынын ұшырды, бұл Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғаш рет тікелей шабуыл жасауы.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер жағдайы туралы айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Бельгиядағы қазақтар су тасқынынан зардап отандастарына көмек жинап жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир