Қырғызстанның экс-президенті жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді
ulysmedia.kz
Алмазбек Атамбаев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алмазбек Атамбаев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жеткізілді. Қырғыз елінің бұрынғы басшысын жедел жәрдем көлігімен әскери қызметкерлер сүйеп әкелді.
Дереккөздің мәліметінше, ол Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабы "Қызмет бабын асыра пайдалану" бойынша тергеліп жатыр.
Айта кетейік, 16 маусымда сот Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады. Одан кейін түрік азаматтарына заңсыз төлқұжат беріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10