|
12.09.2024 | 16:23
135

Альпі тауының ең биік шыңында төрт туристің денесі табылды

Құтқарушылар өрмелеп те, тікұшақпен де көмек сұрағандарға жете алмаған

Альпі тауының ең биік шыңында төрт туристің денесі табылды elements.envato.com

Альпі тауының ең биік шыңынан төрт шетелдік туристің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Independent порталы мәліметінше, төрт турист, олардың екеуі - Италия азаматы және екеуі – Оңтүстік Кореядан. Олар сенбіде түстен кейін құтқарушыларды шақырып, ауа райының нашарлауына байланысты тауда қалып қойғанын хабарлаған. Құтқарушылар альпинистерге жетуге тырысқан, бірақ ауа райы қолайсыз болған. Құтқарушылар өрмелеп те, тікұшақпен де көмек сұрағандарға жете алмаған.

Ауа райы қалыпқа келіп, құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болғанда топ із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге шықты. Төрт турист те 4700 метр биіктіктегі Монблан шыңы маңынан табылды. Олар қаза болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар үсіп қалған.

Франция билігі қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Жетісуда шенеунік мүгедектік құжатын бергені үшін пара алып отырған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир