Жағалауға жете алмаған: Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды

elements.envato.com
elements.envato.com
ТЖМ құтқарушылары ескерту жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында балық аулаушылар құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға Осакаров ауданында, Молодежный кентінен 17 шақырым жерде, Қ. Сәтбаев атындағы каналдың 10 су торабында болды. Қатты жел салдарынан қайықтағы екі балықшы жағалауға 500 метр қашықта өз бетінше орала алмаған», - делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушылары шақырту орнына келіп, балықшылармен бірге қайықты жағаға аман-есен жеткізді.

«Бақытымызға орай, олар зардап шеккен жоқ. Еске саламыз: суқоймаға желді ауа райында шықпаңыздар; Қайыққа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек», - деп ескертті ТЖМ өкілдері.

Оқи отырыңыз: СҚО-да бір отбасы газға уланып қалды

Новости партнеров