Нью-Йоркте қала ортасында тұрған ғимарат опырылып түсті
Қазір мамандар сонша жыл тұрған сәулет нысанының не себептен қирағанын анықтау үстінде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нью-Йоркте қала ортасында тұрған ғимарат опырылып түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
36 жыл бұрын тұрғызылған үй қираған сәтте зардап шеккен бір азаматтың өміріне еш қауіп жоқ, дейді жергілікті билік өкілдері. АҚШ басылымдарының хабарлауынша, оқыс оқиға Бруклиндегі Кэрролл Гарденс аймағында болған. 3 қабатты үйде спорт залдың жұмыс істегені белгілі. Бірақ пандемия басталғалы ғимарат бос тұр.
Демек, бұл жерде күнделікті дене шынықтыратын адамдар карантин болмағанда, үйінді астында қалып, оқыс оқиғаның құрбаны болар ма еді деген ой да келеді. Қалай болғанда да, төтенше оқиға ешкімнің өмірін жалмаған жоқ. Қазір мамандар сонша жыл тұрған сәулет нысанының не себептен қирағанын анықтау үстінде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41