Нью-Йоркте қала ортасында тұрған ғимарат опырылып түсті

02.07.2020 21:24

Қазір мамандар сонша жыл тұрған сәулет нысанының не себептен қирағанын анықтау үстінде

Нью-Йоркте қала ортасында тұрған ғимарат опырылып түсті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

36 жыл бұрын тұрғызылған үй қираған сәтте  зардап шеккен бір азаматтың өміріне еш қауіп жоқ, дейді жергілікті билік өкілдері. АҚШ басылымдарының хабарлауынша, оқыс оқиға Бруклиндегі Кэрролл Гарденс аймағында болған. 3 қабатты үйде спорт залдың жұмыс істегені белгілі. Бірақ пандемия басталғалы ғимарат бос тұр.

 Демек, бұл жерде күнделікті дене шынықтыратын адамдар карантин болмағанда, үйінді астында қалып, оқыс оқиғаның құрбаны болар ма еді деген ой да келеді. Қалай болғанда да, төтенше оқиға ешкімнің өмірін жалмаған жоқ. Қазір мамандар сонша жыл тұрған сәулет нысанының не себептен қирағанын анықтау үстінде.