Индонезияның Сурабая қаласында жергілікті әкім дәрігерлерден тізелетіп кешірім сұрады

02.07.2020 21:32

Жергілікті билік ауруханаларға дер кезінде көмек көрсете алмаған

Три Рисмахарини. Фото: The Jakarta Post

Индонезияның Сурабая қаласында жергілікті әкім дәрігерлерден тізелетіп кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Jakarta Post газетінің хабарлауынша, жергілікті билік ауруханаларға дер кезінде көмек көрсете алмаған. Өз кезегінде ақ халаттылар, жоғары лауазым иесін жұбатып, қолдан келгенше науқастарды емдеп жатқанын айтты.

Билік өкілі болса, вирустың тез тарауына, карантин талаптарын сақтамаған қала тұрғындарының да себепкер болғанын еске салды. 

Бүгінде Индонезия елінде коронавирус жұқтырған 55 мың науқас тіркелген.