COVID-19: Әлем елдеріндегі соңғы жағдай

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нигерияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы Африкалық кеңес жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ондағы дәрігерлердің сөзінше, бұл вирус басқа елдердегі инфекцияға ұқсамайды. Бірақ вирустың мутацияға ұшырағаны нақты дейді. Сондықтан, зерттеу жұмыстарын жасағаннан кейін ғана мәлімдеме жасалмақ. 

Еске салайық, осыған дейін Ұлыбританияда коронавирустың жаңа шатммы анықталғаны хабарланған болатын. 

Ал Иран билігі COVID-19-дың тың түрі елде таралуы мүмкін екенін айтып дабыл қағып жатыр. Өйткені Ұлыбританияда анықталған жаңа штамм вакцинаны зерттеп жатқанда тарап кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай сөзді Иран денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Алиреза Вахабзаде өзінің твиттерегі парақшасында жазды.

Бүгінгі күні әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 80 миллионға жуықтап қалды. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. 1 миллион 800 мыңға жуық науқас кеселдің кесірінен көз жұмған. 

Новости партнеров