Күдіктінің кім екендігі және атыс себептері әзірге анықталған жоқ
Хьюстон қаласында (Техас штаты) автокөлік тұрағында болған атыс салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Төртеуі оқ жарақатын алды. Үшеуі көз жұмды. Біреуі (зардап шеккен адам) жергілікті ауруханаға жеткізілді», – деп жазды бейсенбі күні жергілікті полиция Twitter-дегі ресми парақшасында.
Жараланған адамның жағдайы туралы ақпарат берілмеген. The New-York Times газетінің хабарлауынша, күдіктінің кім екендігі және атыс себептері әзірге анықталған жоқ.