Елшілік: Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова арқылы елге қайта алады
inform.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Украинадағы Қазақстан Елшілігі елдің Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова шекара бекеті арқылы шыға алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Украинаның Одесса облысында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары Молдова Республикасының Сатро-Казачья, Тудора және Серпневое-1 шекара бекеттері арқылы елден шыға алады. Украина мен Молдова шекарасына дейін өз күшімен жетудің оңтайлы бағытын анықтап алуды ұсынамыз», – делінген елшіліктің хабарламасында.
Молдовадағы Қазақстан Республикасы елшілігінің байланыс телефондары: +373 61 070 550, +373 60 601 676, +373 69 474 722
Қазақстан Республикасының Молдовадағы құрметті консулы Роман Станковтың байланыс телефоны: +373 788 22 222.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10