Францияның экс-президенті қайтыс болды
Ол 86 жасында өмірден озды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак қайтыс болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Президент Жак Ширак бүгін таңғы уақытта өз үйінде қайтыс болды", - деп жазады Франс Пресс Ширактың күйеу баласы Фредерик Сала-Барудың сөзін.
Оның жасы 86-да еді. Жак Ширак 1995-2007 жылдары Франция президенті болды.
1977-1995 жылдары аралығында Париж қаласының мэрі қызметін атқарды. Бұрындары елдің премьер-министрі болды. 2007 жылы 16 мамырда Жак Ширак Президенттің өкілеттігін доғарып, Елисей сарайын тастап кетті. Осы сәттен бастап ол Францияның Конституциялық Кеңесінің мүшесі болды. 2011 жылы 15 желтоқсанда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және ысырап еткені үшін шартты түрде екі жылға сотталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52