Еуропада дәрі тапшы – Денсаулық сақтау жөніндегі еурокомиссар Стелла Кириакидес

Inform.kz
Inform.kz
Бұған коронавирустан кейін адам иммунитетінің әлсіреуі себеп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропада дәрі тапшы. Әсіресе антибиотиктер, суық тию мен тұмауға және жедел респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы препарат қоры азайған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлердің айтуынша, бұған коронавирустан кейін адам иммунитетінің әлсіреуі себеп. Сәйкесінше жұқпалы аурулар тез тарап жатыр. Кәрі құрлықтың кейбір елдері тіпті дәрі нұсақулығын өзгертіп, оның орнына басқа препараттарды қабылдап жатыр. Ал балаларға арналған дәрілердің орнына арнайы шәрбат ұсынылуда.

«Сұраныстың күрт өсуінің негізгі себебі – өндірістік қуат жетіспей жатыр. Өйткені респираторлық аурулар тез таралып жатыр. Бұл мәселе ұлттық деңгейде қаралып, билік тапшылықты еңсеру жолында шаралар қабылдауда», – деді Денсаулық сақтау жөніндегі еурокомиссар Стелла Кириакидес.

Новости партнеров