Қайтыс болған ер адам осыған дейін бірнеше рет инфаркт алған
Әлемдегі ахуал. Өзге мемлекеттер коронавирусқа қарсы вакцина өндіріп, оны адамдарға егіп жатса. Израильде дәл осы препараттың кесірінен адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бақилық болған 75 жастағы азамат Pfizer компаниясының вакцинасын салдырған екен. Кейін анықталғаны, қайтыс болған ер адам осыған дейін бірнеше рет инфаркт алған.
Ал, Германияда дәрігерлер қателікпен сегіз адамға вакцинаның бес есе көп дозасы салып жіберген. Олар қарттар үйінің қызметкерлері. 7 әйел адам мен 1 ер азамат қазір ақ халаттылардың бақылауында. Барлығында тұмаудың симптомдары бары анықталды. Коронавирусқа қатысты жаһандағы жағдай мынадай. Бүгінгі күні 81 миллионнан көп адам індетке шалдыққан. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. 1 миллион 800 мыңға жуық науқас көз жұмған.