Жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің дәретханасының еденінде тарақандар құжынап жүр
Неапольдегі ауруханада мейірбикелер аурухана аумағына тарақандарды алып келді деп күдіктеліп отыр.
Бұл туралы Sky News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Пациенттердің бірі жәндіктерді видеоға түсіріп алған. Жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің дәретханасының еденінде тарақандар құжынап жүр. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының өкілдері бұл жайтқа аурухана қызметкерлерінің қатысы бар деп топшылады. Мейірбикелер көп жұмыстан шаршап, жұмысы аз бөлімге ауысқысы келген.
Болжам бойынша, ауруханаға тарақандарды ағаш жаңқасы және жапырақтармен толтырылған сөмкемен алып кірген.