«Өмірмен қош айтыстырған сурет»: үйлену тойында селфи жасамақ болған 4 адам көз жұмды

10.10.2019 18:33

Құрбан болғандардың ішінде қалыңдық та бар

spletnik.ru

Үндістандық Прахбу және Ниведита есімді ерлі-зайыптылар Тамиланд штатында бөгеттің жанында тұрып, туысқандарымен селфи жасамақ болған, деп жазады sn.kz сайты ktk.kz сілтеме жасап.

Прахбу, Ниведита және олардың Канита, Снеха, Уварани мен Сантош есімді туыстары бөгеттің жанында тұрып бірге селфи жасап жатқан. Кенет аяқтары тайып кетіп, бесеуі бірдей суға құлаған. Прахбу суға кеткендердің артынан секіріп, Уавараниді ғана құтқара алды. Қалған төртеуі мерт болды.

Құрбан болғандар ішінде қалыңдық та бар. Суға батып кеткендердің денелерін криминологтардың тексеруге жіберді. Тергеу жалғасуда.