Қытайда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

18.03.2019 21:57

Мамандар үйінділер астынан 16 адамды аман алып шықты

zakon.kz

Қытайдың Шаньси провинциясында лай көшкінінен ажал құшқандардың саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін 7 адам қаза тапты деп хабарлаған болатынмыз. Одан бөлек онға жуық тұрғын ізім-ғайып жоғалған. Табиғат апаты Цзилинь ауылында орын алды. Лай жүрген өңірлерде тұрғын үйлер қирады. Мамандар үйінділер астынан 16 адамды аман алып шықты. Жарақат алған тұрғындар дәрігерлердің жіті бақылауында. Аймақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.