Алдын ала мәлімет бойынша, із-түссіз жоғалып кеткендердің жартысы Ришиганг гидроэлектростанциясының жұмысшылары
Үндістанның Уттаракханд штатындағы мұздық көшкін болып, салдарынан 150 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, із-түссіз жоғалып кеткендердің жартысы Ришиганг гидроэлектростанциясының жұмысшылары.
Гималай тауларының Алакнанда мен Дхаулиганга өзендеріне үлкен мұз массалары түсіп, биік таулы жерлерде су тасқыны болды. Төменде орналасқан Сринагар, Ришикеш және Харидвар қалаларындағы су электр станциялары шұғыл түрде суды ағызып жатыр.