Ғалымдар науқастарға үйден көп уақыт шықпауға кеңес береді
Фото: EPA/Vostock-photo
Коронавирустың таралу қаупі жоғары кезең аталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Гонконг микробиологтары коронавирус жұқтырғандардың вирус жұқтырғаннан кейінгі бірінші аптада өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz SCMP-ке сілтеме жасап.
Гонконг ғалымдары вирус жұқтырған 37-75 жас аралығындағы 23 науқасқа зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі вирус жұқтырғаннан кейінгі бірінші аптаның өте қауіпті екенін көрсеткен.
"Вирус жұқтырған науқас бірінші аптада өте қауіпті, ол кезеңде вирус өте тез таралады. Ол вирус жұқтырғанын өзі де білмей қалады. Сондықтан да COVID-19 қазір әлем бойынша өте тез тарап жатыр", – дейді ғалымдардың бірі Келвин То.
Сол себепті ғалымдар науқастарға үйден көп уақыт шықпауға кеңес береді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58