|
09.09.2020 | 17:07
969

Грецияда тәулік бойы Димаштың әндерін беретін онлайн радио ашылды

Грециядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті

Грецияда тәулік бойы Димаштың әндерін беретін онлайн радио ашылды dimashnews.com

Грецияда Димаштың шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды. "Dimash Greece" радиостанциясы әлемдік ғаламтор желісіне шілде айынан бастап шыға бастады. Онда аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Dimash Kudaibergen Greece" фан-клубының әкімшісі Лена Ворк онлайн-радио арқылы Грециядағы Димаштың шығармашылығына табынушылардың қатарын арттырмақшы. Ойын жүзеге асыру үшін өзге елдегі фан-клубтардың тәжірибесін меңгерген. Талдау жасай отырып, өзінің радиостанциясын іске қосты.

Грециядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті. Олар Грецияда Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр.

Айта кетсек, Димаштың өнерін насихаттауға арналған осындай радио алдында Польша мен Чили елдерінде де ашылған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир