Қытайдың Шэньси провинциясының Вейнань қалалық округында ит өзінің қайтыс болған иесін көмілген жерінен қазып алмақшы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның қызының айтуынша, Хуцзы есімді төбет 12 жыл бойы әкесінің жанында өмір сүрген. Алайда біраз уақыт бұрын ер азамат айықпас дертке шалдығып көз жұмған.
"Біз Хуцзыды өзімізбен бірге жерлеу рәсіміне алып баруды жөн көрдік. Ол әкемнің көмілген жеріне барып, тұрмай жатып алды, кейіннен тіпті жерді тырналап, оны қазып алмақшы болды. Ал үйге қайтар уақытта ол бізге көнбей, кетпей қойды", - деді марқұмның иесі.
Оның айтуынша, әкесі қайтыс болғаннан кейін ит 3 күн бойы нәр татпай қойған.
"Біз оны жасы келген соң тамақ іше алмай жүр деп ойладық, бірақ әкемді жерлеген соң ол қайтадан су ішіп, тамақ жей бастады. Хуцзы шынымен де біздің сезімімізді түсінеді", - деп қосты бойжеткен.
Қазіргі таңда итті марқұмның туыстары өз қарауына алыпты.