Токионың Ханеда әуежайында ұшақ өртенді

02.01.2024 22:12

379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің эвакуацияланды

REUTERS

Токионың Ханеда әуежайында Japan Airlines ұшағы өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Japan Airlines ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланғанын хабарлады.

Ұшақ толығымен өртеніп кеткен, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі алысып жатыр.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Reuters және NHK агенттігінің хабарлауынша, Japan Airlines ұшағы Ханедаға қонғаннан кейін жапондық жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысуы мүмкін.

Өртке оранған ұшақ 2021 жылы шығарылған Airbus A350 ұшағы. Бұл JAL516 рейсі, Хоккайдо аралындағы «Син Титосе» әуежайынан ұшып келеді.

Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі: Жапонияда 30 адам көз жұмды