Францияда соңғы тәулікте коронавирустан 800-ден астам адам көз жұмған

07.04.2020 22:13

Күн шығыс елінде коронавирустың симптомсыз түрі көбейген

REUTERS/Gonzalo Fuentes

Францияда соңғы тәулікте коронавирустан 800-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.   Соңғы мәлімет бойынша дүниежүзінде коронавируспен ауыратын 1 млн 3 жүз мыңнан астам адам тіркеліп, 75 мыңға жуық адам қайтыс болған. 

Инфекцияны жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та, ал ең көп қаза болғандар Италияда тіркелді. Қытайда керісінше, дерттен айығып шығып жатқан адамдардың көлемі артқан. Тіпті мұнда соңғы бір тәулікте адам өлімі тіркелмепті. Бірақ күн шығыс елінде коронавирустың симптомсыз түрі көбейген. Еш белгісі жоқ инфекцияны 78 адам жұқтырған. Францияда ел бойынша пендемия басталғалы бері соңғы 24 сағатта COVID-19-дан көз жұмғандар ең жоғары көрсеткішке жетіп, 800-ден астам адамды құрады.